Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Енді бір жынысты қатынас құрған жандар 15 жылға дейін сотталады

28 сәуір 2024 102

Иракта бір жынысты қатынас үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Бұл туралы Ирак баспасөзі мәлімдеді.

Тиісті заң сенбіде қабылданды. Иракта бір жынысты қатынас жасағандар 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Ирак парламентінің пікірінше, бұл қадам діни құндылықтарды қорғауға бағытталған, бірақ оны елдегі ЛГБТ қауымдастығына шабуыл жасады деп мәлімдеген құқық қорғаушылар айыптап шықты.

Құжатқа сәйкес, заң "Ирак қоғамын моральдық ыдыраудан және әлемді шарпыған гомосексуализмге шақырудан қорғауға" бағытталған.

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?