Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Су тасқынан кейінгі күндер: 37 мыңнан астам адам үйіне оралды

28 сәуір 2024 91
Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқыны жағдайы бойынша сағат 11:00-дегі ақпаратты жариялады. Республика бойынша 37 324 адам өз үйіне оралды. Ал 6 817 адам эвакуациялау пункттерінде жатыр, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

6 379 тұрғын үй мен 2 794 аула аумағынан су бұрылып, сорылды. Су тасқыны бастағалы бері 12,6 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 6,6 млн астам қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді.

"Солтүстік Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарында 6 379 тұрғын үй мен 2 794 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. Республика бойынша 37 мыңнан астам адам өз үйлеріне оралды. 6 мыңнан астам адам эвакуациялау пункттерінде орналасқан", - деді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі Асқар Шәріп ОКҚ алаңында өткен брифингіде.

Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 21 мыңнан астам адам, 2 мыңнан астам түрлі техника, 615 су сору және жүзу құралы, 8 әуе кемесі жұмылдырылды. Су тасқыны басталғалы бері 12 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 6,6 млн астам қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?