Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әлихан Смайылов Астана әкімі болуы мүмкін

26 наурыз 2024 169

Үкіметті басқара алмаған Әлихан Смайылов Астана қаласының әкімі қызметіне тағайындалуы мүмкін. Осылайша Смайылов Қасымбектің орнына келмек

Бұл туралы телеграм арналар хабарлай бастады. Ондағы мәлімет бойынша, алдымен Ұлытау облысының әкімі пара алып ұсталған шенеуніктердің кесірінен Берік Әбдіғалиұлы қызметінен кетеді.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлытау облысында екі бірдей шенеунік пара алғаны үшін сотталған болатын. Ұлытау облысының мәдениет басқармасының басшысы Әнуар Омаров 2 миллион теңге пара алғаны үшін 6 жылға сотталса, Сәтбаев қаласының әкімі Шапағат Әубәкір 10 миллион теңге пара алғаны үшін 3,5 жылға сотталды.

Дереккөз мәліметінше, Ұлытау облысының әкімі болып – Қарағанды облысының қазіргі басшысы Ермағанбет Бөлекпаев тағайындалуы мүмкін. Ал Қарағанды облысына қайтадан Жеңіс Қасымбек келуі ықтимал. Осылайша Астана қаласының әкімі болып экс-премьер Әлихан Смайылов тағайындалуы мүмкін.

Телеграмдағы мәлімет бойынша, Смайыловтың осы қызметке келуі шешіліп қойған. Жеңіс Қасымбек Мемлекет басшысының қабылдауында болған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?