Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Крокус": 115 адам қаза тапқан, 11 күдікті ұсталған

24 наурыз 2024 98

Мәскеудегі "Крокус сити холл" концерт залындағы теракт кезінде қаза тапқандар саны 115-ке жетті.

Бұл туралы Ресейдің тергеу комитеті хабарлады. 

Теракт болған оқиға орнында үйінділерді тазарту жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде қаза тапқан адамдардың денесі табылған. 

Осылайша, теракт салдарынан қаза тапқандар саны 115-ке жеткен. Іздеу жұмыстары әлі де жүріп жатыр. 

Сонымен қатар, Мәскеу облысының Денсаулық сақтау министрлігі қаза тапқан ондаған адамның тізімін жариялады.

Ал Мәскеуде ойран салған 11 лаңкес ұсталды,оның ішінде 4 адамның "Крокус Ситидегі" оқиғаға тікелей қатысы бар.

"Крокус Ситиде" ойран салған лаңкес шабуыл үшін оған шамамен 500 мың рубль уәде етілгенін айтты.

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?