Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қарағым, оқу оқы, босқа жүрме!

23 наурыз 2024 118

ҚАРАҒЫМ

Қарағым, оқу оқы, босқа жүрме!
Ойынға, құр қаларсың, көңiл бөлме.
Оқымай ойын қуған балаларға.
Жолама, шақырса да қасына ерме!

Кiдiрме, аялдама, алға ұмтыл,
Алам деп көктен жұлдыз,қолың серме..
"Қарманған қарап қалмас!" — деген рас сөз,
Тоқтамай iсте болсаң батып терге.

Жасынан оқу оқып, өнер қуған.
Жан жетпес көңiлi жүйрiк кемеңгерге...
Бiлiмсiз, құр қалтақтап жүргенменен
Ерте өлген, көмiлулi қара жерге.

Жастық, байлық, қол қусырып босқа жүру
Жасөспірім үмітті ерді бұзады.
Тер ағызып, өліп-талып табылған
Ата дәулет быт-шыт болып тозады.

Мағжан Жұмабаев

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?