Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қаңтар оқиғасы: Бас прокуратура Ерлан Тұрғымбаевқа қатысты мәлімдеме жасады

20 наурыз 2024 226

Бас прокуратура БАҚ және әртүрлі Telegram-арналарда бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев пен басқа да полиция органдарының басшыларының қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны туралы тараған ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады.

«2022 жылдың басынан бастап Бас прокуратура қаңтар оқиғалары кезеңінде құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етпеуге, сондай-ақ азаматтарға азаптауды қолдануға байланысты күш органдарының қызметкерлеріне қатысты тергеп-тексерулерді жалғастыруда.Оларды жасағаны үшін соттармен облыстық полиция және ұлттық қауіпсіздік органдарының бірқатар басшылары мен қызметкерлері сотталды. Жүргізіліп жатқан тергеп-тексерулер шеңберінде Ішкі істер экс-министрі Е.Тұрғымбаевтан жауап алынды», - делінген Бас прокуратураның хабарламасында.

Бас прокуратура Алматы облысы Қарасай ауданы Қошмамбет ауылында орналасқан арнайы қабылдау жағдайында ұсталған азаматтарға азаптауды қолдану туралы іс бойынша дәлелдемелер жинаған.

«2024 жылдың 16 наурызында осы қылмысты жасағаны үшін Қарасай ауданының арнайы қабылдау орыны және полиция басқармасының бұрынғы басшылары қамауға алынды. Бұдан басқа, қызметтік атыс қаруын ұрлау фактілері бойынша Талдықорған қаласы полиция басқармасының бұрынғы басшылығына қатысты тергеп-тексеру жалғасуда», - делінген ақпаратта.

Осы тергеп-тексерулер бойынша басқа да мәліметтер тергеп-тексерудің, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтай отырып, жұртшылыққа жеткізілетін болады.

Еске салсақ, бұған дейін Тұрғымбаевқа тықыр таяғанын жазғанбыз.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?