Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қыз зорлады деп айыпталған экс-полиция бастығы сотта есінен танып қалды

06 наурыз 2024 268

Талдықорғанда қыз зорлады деген күдікке ілінген полиция басқармасының бұрынғы бастығы Марат Күштібаевқа қатысты сот басталды. Алайда, іс барысында оның денсаулығы сыр беріп, ауруханаға алып кеткен.

Іс барысында денсаулығы сыр берген Марат Күштібаевті жедел жәрдем қызметкерлері сот залынан алып кетуге мәжбүр болды. Экс-полиция басқармасының бастығы есінен танып, оны бірнеше адам көтеріп көлікке жеткізді. Қазіргі таңда, әлеуметтік желіде Күштібаевті алып кеткен видео тарады.

Бұл ақпаратты Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі растады.

«Сотталушы К.-ны сот отырысы кезінде жедел жәрдеммен алып кеткені туралы ақпаратты растайды. Қазіргі уақытта сотталушы кардиологиялық орталықта дәрігерлердің бақылауында. Осыған байланысты, сот отырысы кейінге қалдырылды», – деп мәлімдеді областық соттың баспасөз қызметі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?