Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Түркістан облысында ер адам балаларын ұрып-соғып, ұрлық жасауға мәжбүрлеген

05 наурыз 2024 264

Бес баланың анасы мен балалары ұдайы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырайтынын айтты. Оларды бір бөлмеге тығылып отыруға мәжбүр болған, күйеуі оларға банк картасын пайдалануға рұқсат бермеген, ол бүкіл ақшаны ішімдікке жұмсаған, ал балаларды ұрлық жасауға мәжбүрлеген. 

"Кездесудің қорытындысы бойынша уәкіл өкілі аудан және ауыл әкімдіктері, полиция, білім, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері қызметкерлерінің қатысуымен кеңес өткізіп, тапсырмалар берді. Сондай-ақ құқық бұзушылықтар үшін лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігін қарау үшін құзыретті органдарға ұсыныс жіберілді", - делінген адам құқықтары жөніндегі уәкіл таратқан хабарламада.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?