Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Салтанат Нүкенованың ағасын айыптаған жазба - жала жабу

03 наурыз 2024 96

Қуандық Бишімбаевтың экс әйелі Назым Қаһарман үндеу жасады. Ол марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді Бишімбаев екеуінің қызын зорлады деген әңгіме - жалған әрі жала жабу екенін жеткізді, - деп хабарлайды alash.kz.

Әңгіме Назым Қаһарман мен Қуандық Бишімбаевтың 10 жастағы қызын Айтбек Амангелді зорлады деген жазбаларға қатысты болмақ.  Назымның айтуынша, Салтанат Нүкенованың ағасы Айтым (Айтбек) Амангелдіні айыптаған жазба - жала жабу.

"Менің ойымша, болған оқиғаның мағынасын ауыстырып жіберген, тіпті оқымаған да. Кейбір сөздерді өзінің мақсаты үшін айналдырып жіберген. Енді мұны жоққа шығаруыма тура келеді", - деді Назым Кахарман.

Ол марқұм Салтанат Нүкенованың ағасын жеке танымайтынын және дос емес екенін айтты.

"Оның отбасына қайғырып көңіл айтамын. Мен өзімнің және қызымның мүддесін қорғау үшін мәлімдеме жасамақпын", - деді Назым.

Назым Қаһарманның айтуынша, 2023 жылдың наурызында оның қызы мен ұлы Бишімбаевпен бірге болған. Бір сәтте төбелес болып, оған балалар куә болған. Кейін қызы анасына қорыққаннан хабарлама жіберген.

Келесі күні Бишімбаевтың бұрынғы әйелі қызы есеңгіреп қалғандықтан полицияға хабарласқан.

"Мен бірінші кезекте Қуандыққа ашуландым, олардың қауіпсіздігіне жауап беруі керек. Ол жерде не болғанын білмедім. 102-ге телефон соғып, қызыма шабуыл жасалғаны туралы полицияға хабарластым. Оператор сексуалдық зорлық-зомбылық болды ма, жоқ па деп сұрады. Мен оған: "Не жағдай болғанын білмеймін, ол жерде болған жоқпын, келіңдер, анықтайық", дедім", - дейді Назым.

Назым балалардан жауап алынғанын айтады. Осыдан кейін Айтбек Амангелді балаларға қатысты ешқандай заң бұзбаған деген қорытынды жасалған.

"Бұл әкімшілік құқық бұзушылық. Негізі Қуандық Бишімбаев арыз жазуы керек еді. Қызым мен ұлымның айтуынша, жағдай былай болғанын түсіндік. Кешкі сағат 19.00 шамасында Қуандық бір жаққа кетіп қалады. Кешкі сағат 10-11-де Салтанат та кетіп қалады. Түнгі сағат 2-де домофон шырылдаған. Қызым жауап берген, ол - Салтанаттың ағасы. Олар бір-бірін білетін. Ол ішке жүгіріп кіріп, оны ұстап алып, Салтанаттың қайда екенін сұрайды. Екеуі пәтерді бірге аралап, Салтанат пен Қуандықты іздеген. Осыдан кейін Айтбек Қуандыққа телефон соққан. (...) Бұл жерде Айтбек жайлы айта кету керек. Ол қызымның қасына келіп: "Балақай, қатты қорқып кеттің бе? Бәрі жақсы ма?" деп сұраған".

Айтбек Амангелді Назым Қаһарманның қызына Қуандық Бишімбаевтың Салтанат Нүкенованы соққыға жыққанын айтқан.

Назымның айтуынша, Қуандық Бишімбаев келгенде Айтбек екеуінің арасында төбелес болып, айқай-шу басталады.

"Қуандық пен Айтбек ұрсысып қалғанда балаларым шкафқа тығылып, бәрі тынышталғанша отырған", - дейді Назым.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?