Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шымкентте шала туған сәбиін қорапқа салып тастап кеткен ана ұсталды

10 мамыр 2024 427

Шымкентте шала туған сәбиін қорапқа салып кеткен ана ұсталды.Бұл туралы Отырар порталы жазды. 

Оқиға 7 мамыр күні сағат 21:30 шамасында орын алды. Белгісіз әйел №2 Облыстық перинаталдық орталыққа (Дархан) келіп, шала туылған нәрестенің денесін қорапта қалдырып кеткен. 

"Бұл факт бойынша қала тұрғыны анықталып, ұсталды. Қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу шаралары жүргізілуде", - деп хабарлайды Шымкент полиция департаменті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?