Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әйелін ұрған елші кеңесшісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

10 мамыр 2024 399

Әйелін 10 жыл бойы ұрып келген Серік Мамашқа қатысты іс қозғалды.

"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу мүддесіне қатысты басқа мәліметтер жарияланбайды", – деп хабарлады Астана полициясының баспасөз қызметі.

Сыртқы істер министрлігі де жағдайға пікір білдірді.

"Біз бұл қызметкерді шұғыл түрде Қазақстанға шақырып жатырмыз. Енді оның ісімен құқық қорғау органдары айналысады", – деді сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?