Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақ боксшылары Париж Олимпиадасының бес жолдамасын иеленді

12 наурыз 2024 282

Бокстан Италияның Бусто-Арсицио қаласында өткен әлемдік іріктеу кезеңі өз мәресіне жетті.

Қазақстан ерлер құрамасы бес салмақта лицензия алды. Олар: Сәкен Бибосынов (51 кг), Махмұд Сабырхан (57 кг), Асыланбек Шымбергенов (71 кг), Нұрбек Оралбай (80 кг) мен Айбек Оралбай (92 кг).

Таиланда екі айдан кейін екінші іріктеу турнирі өтеді. Бұл жарысқа Қазақстан ерлер құрамасы 63,5 келіде лицензия алуға тырысады.

Бокстан әйелдер құрамасынан бес боксшы барып, бірде-бірі лицензия ала алмады. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?