Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Актерлік шеберлік пен ет-жүректі елжірететін сөздер. Бишімбаевтың "келешек қойылымы" жайлы айтылды

27 сәуір 2024 478

Бишімбаев ісі бойыша соттың қорытынды отырысы жайлы болжамдар айтыла бастады. Кейбір сарапшылар Бишімбаевтың актерлік шеберлікке беріліп, ет-жүректі елжірететін сөздер айтатынын жорамалдады, деп хабарлады Alash.KZ ұлттық порталы. 

Саясаттанушы Талғат Қалиев Бишімбаевтың соңғы сөзі не жайлы болатынын,  оқиғалардың қалай дамитыны туралы хабарлады: 

Ол өкінуге еліктеуге, көз жасын көрсетуге және сүйікті әйелінің өлімін ешқашан кешіре алмайтындығы туралы жүректі ауыртатын мәлімдемелерге, қайтыс болған адамның отбасына оның қалай болғанын білмейтіндігі туралы Үндеулерге назар аудара отырып, мінез-құлық бағытын түбегейлі өзгертуге ниетті. Кеңесшілер Бишімбаевтың есінен танып қалған анасына жедел-жәрдем шақыруды ұйымдастыруды ұсынады деп мәлімдейді. Бір сөзбен айтқанда, олардың ойынының соңғы раунды алқабилердің психикасына қатаң эмоционалды шабуылға құрылуы мүмкін", - деп жазады Калиев.

Реті келгенде айта кетейік, ресейлік блогер Наталья Грэйстің келуі де сот процесін шиеленістіріп жіберді. Бүгін блогер Бишімбаевтың ата-анасы жайлы жан тебірентер жазба жазды. Жазбасында Бишімбаевтың туысқандарын жер-көкке сыйғызбай мақтады:

Бишімбаевтардың отбасысы жақсы, берік қарым-қатынас, үйде сыйластық пен түсіністікке құрылған атмосферасы бар. Мен асыра сілтемеймін.Табалдырықтан аттағанымда бойымды сенімсіздік биледі, бірақ кейіннен жылулыққа айналды. Мен әр адамға ұлын немесе қызын сабырлы қалпымен және абыроймен, сүйіспеншілікпен және жанашырлықпен қолдайтын, оларды өздерімен қорғайтын осындай ата-ана тілер едім.

Ресейлік блогер мұндай жандардың сирек кездесетінін қадап айтты: 

Өмірде көп нәрсені көрдім. Адамдарды қаралағанда олар ашуланшақ болып кетуі мүмкін. Бірақ қарт Бишімбаевтар журналистердің сұрақтарына байсалды жауап береді, блогерлер мен тролльдердің шабуылына төтеп береді, олардың деңгейіне түспейді. Олар ұлын сүйіспеншілік пен құрметке бай қылып тәрбиелеген. Әкесі-университет оқытушысы, ғылыми қызметкер, ғалым, кейіннен ректор. Анасы-қарапайым үй шаруасындағы әйел. Үйде барлық туыстар бір-бірін қолдайды, - деді ол. 

Блогер әлқиссасында Бишімбаевтың бір өзіне кінә артып жатқан қазақстандықтарға жауықты: 

Менің көзқарасыма келсек, қоғам үшін барлық қылмыстарды бір адамға артып,  соттаған өте ыңғайлы. Ал мен 10-нан астам адамды санадым. Оның ішінде: Көріпкел, дәрігерлер, даяшылар, мейрамхана қызметкерлері бар. Олардың кез келгенінің жедел жәрдем шақыруға мүмкіндігі болды. Осы қазақстандықтардың ешқайсысы Салтанатқа көмек көрсету үшін саусағын да қимылдатқан жоқ... Бір Қуандық кінәлі ме? - деді ойын ширата. 

Еске салайық, 9 қарашада БАҚ пен Telegram-арналар бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталғанын хабарлады.

Астана қаласы полиция департаменті 9 қарашада елордадағы мейрамхана қонақтарының арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйелдің қаза тапқанын растады. Елордалық ПД күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. 

Қуандық Бишімбаевтің ұсталғанын 10 қарашада Ішкі істер министрінің орынбасары Серік Сәрсенов растады. 12 қарашада Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды.

Бұдан бөлек Бишімбаевтың әйелі қайтыс болған "Гастро-орталығының" директоры да қамауға алынды. Астана қалалық ПД Бишімбаевтің ісі Ішкі істер басшылығының бақылауында екенін мәлімдеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігіне резонанс тудырған бұл оқиғаны ерекше бақылауға алуды тапсырды. 

Дастан Қастай

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?