Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Тайвань мен Қазақстанда жер сілкінді

27 сәуір 2024 118

Қытайлық сейсмологтар және қазақстандық мамандар Тайвань аралының маңы мен Қазақстанның шығысында жер сілкінгенін хабарлады, деп мәлімдейді Alash.KZ ұлттық порталы Синхуа агенттігіне сілтеме көрсете отырып. 

Сенбі күні Бейжің уақытымен сағат 02:21-де Тайваньның Хуалянь округіне жақын теңіз аймағында магнитудасы 5,6 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Қытайдың сейсмологиялық орталығы.

Орталық мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы солтүстік ендік бойынша 24,08, шығыс бойлық бойынша 121,77 градус координаталы нүктеде орналасқан. Гипоцентр 30 км тереңдікте жатыр.

Сағат 02:49-да дәл осы ауданда магнитудасы 5,3 болатын жерасты дүмпулері тіркелді.

Мұндағы жер сілкінісінің ошағы солтүстік ендікте 24,21 градус, шығыс бойлықта 121,77 градус координаталы нүктеде орналасқан. Гипоцентр 27 км тереңдікте болған. 

Естеріңізге сала кетейік, бүгін жер дүмпуін бақылаушы мамандардың Қазақстан территориясында жер сілкінісін тіркегенін жазғанбыз.  

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі таңғы сағат 7:44-те жер сілкінісін тіркеді. Жер асты дүмпулері Шығыс Қазақстан облысында сезілді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?