Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Шығыс тағы шайқалды". Қазақстан аймағында бүгін жер сілкінді

27 сәуір 2024 100
Жер дүмпуін бақылаушы мамандар бүгін, 2024 жылы 27 сәуірде Қазақстан территориясында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі таңғы сағат 7:44-те жер сілкінісін тіркеді. Жер асты дүмпулері Шығыс Қазақстан облысында сезілді.

"Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 915 шақырымда Қазақстан территориясында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 8,7. MPV магнитудасы - 4.0. Жер сілкінісінің координаттары – 49,27°ш.б. 84,91°с.е. Тереңдігі – 20 км", делінген хабарламада.

Айта кетсек, 15 сәуірде жапон сейсмологтары соңғы қатты жер сілкінісін зерделеу үшін Алматыға келетіні мәлім болған еді. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?