Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Пенсионер» қыздарды мазаламаңдар!»: Нұрлан имамның сөзі желіні шулатты (ВИДЕО)

14 наурыз 2024 590

Танымал имам Нұрлан Байжігітұлы тікелей эфирде оқырман сұрағына жауап берді. Желі қолданушысы имамнан «қызым өзімнен 8 жас үлкен. Үйленсем бола ма?» деп сұраған.

Имамның жігітке жауап берген видеосы әлеуметтік желіде тарады. 

«Апаларға үйлену сәнге айналды. «Пенсионер» қыздарға үйленбеңдер! Үлкен қызға үйлену жақсы тенденция емес. Адам сияқты пенсиясын алып, қартайсын. Олардың мазасын алмаңдар! Қандай махаббат болса да, дүниені қырып бара жатса да, бұл дұрыс емес. Бәрібір ол саған әйел, сен оған күйеу бола алмайсың. «Тең теңімен, тезек қабымен» деген сөз бар. Сондықтан үлкен қыздардың жүрегін ауыртпаңыздар! 10-15 жылдан кейін жас айырмашылығы көріне бастайды. Өзіңнен кішкентай қызға үйленгенің дұрыс», - деп кеңес берді Нұрлан имам.

Әлгі видеоданы желі қолданушылары әр түрлі қабылдады.

«Дүмше молда дін бұзар деген осы екен ғой», «Пенсионер» деп мазақ еткені дұрыс болмады», «Имам осылай деп тұрса, басқадан не күтесің», «Кәрі қыздардың намысына тимеңіз» деп жазып жатыр оқырман қауым.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?