Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Назарбаев пандемия кезінде індетті таратқан елдермен қандай келісім жасаған?

12 наурыз 2024 108

Физика, математика ғылымдарының кандидаты, профессор, исламтанушы Тұрсынбек қажы Елдесбай пандемия және вакцина салу қазақ халқын жою үшін жасалған нәрсе екенін айтады. Алайда, оның сөзінше, қазір жағдай өзгерген. Бұл туралы профессор "Қоғам арнасы" YouTube-арнасында айтып берді, - деп хабарлайды alash.kz cайты Dalanews.kz-ке сәлтеп.

Профессордың сөзінше, экс президент Нұрсұлтан Назарбаев осы мәселеге қатысты алпауыттармен келісімге келген.

"Назарбаев ақшаның қожайындарымен келіскен. "Жердің астындағы байлықты ал, үстіндегі байлықты ал. Бірақ біздің халқымызды қырып тастама" деп келісімге келгені бар. Бұл маған белгілі, оны ешкім ашып айта бермейді", - дейді профессор.

Тұрсынбек қажы Елдесбайдың сөзінше, мұның бәрі Назарбаев туралы әлі жарыққа шықпаған кітапта айтылған көрінеді. Алайда кітап әлі жарыққа шықпағандықтан бұл туралы ашып айтуға әлі құқығы жоқ екен.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?