Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Назарбаетың "әмияны" - әлемдегі ең бай адамдардың тізімінде

06 наурыз 2024 201

Екі қазақстандық олигарх Владимир Ким мен Вячаслав Ким әлемдегі ең бай адамдардың тізімінде жүр.

Тізімді Bloomberg жария етті.

Айта кетейік, тізімдегі екі қазақстандық та ТОП-500-де. Владимир Ким 362-орында болса, Вячаслав Ким 492-орынға жайғасқан.

Ашық дереккөздердегі мәлімет бойынша, Владимир Кимнің байлығы 7,1 миллиард доллар деп бағаланады. Ал 54 жастағы Вячаслав Кимнің жағдайы 5,7 миллиард доллар деп бағаланған.

Әлемдік тізімде бірінші орында – Amazon компаниясының негізін қалаушы Джефф Безос. Одан кейінгі орында Илон Маск болса, үшінші орынға LVMH Moet Hennessy – Louis Vuitton директорлар кеңесінің төрағасы Бернар Арно жайғасқан.

Бұған дейін Назарбаевтың "әмияны" Владимир Кимнің экс президентпен байланысты бизнес империясы туралы жазған болатынбыз. Қазақстандағы ең бай адам Владимир Кимнің байлығы 4,6 млрд долларға бағаланған. Қоғамда Ким - Назарбаевтың "әмияны" деген сөз бар. Кимнің Назарбаевпен байланысты қандай кәсібі бары анықталды. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?