Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматыдағы жер сілкінісінен бірнеше ғимарат зардап шекті

04 наурыз 2024 419

4 наурызда Алматы қаласындағы 5 балдық жер сілкінісінен кейін бірнеше ғимараттың қабырғасы жарылған. Тіпті әйнектері сынып, қирап қалған. Жер сілкінісінің салдары түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады.

Жер дүмпуінен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі экономика және жоғары бизнес факультетінің 2-қабатындағы қабырғаларынан жарықшақ пайда болды.  ЖОО әкімшілігі әзірге түсініктеме берген жоқ.

Сонымен қатар Көкжиек шағынауданының тұрғындары көпқабатты үйлердің сыртында жарықшақ пайда болғанын айтып, шағымданып жатыр.

Еске салсақ, ТЖМ таратқан ақпаратқа сәйкес жер сілкінісінің Алматыдағы күші 5 балға тең болған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?