Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

СІМ: Тәлібтер - біздің көршіміз

29 ақпан 2024 131

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Ауғанстан билігін қолына алған Талибан үкіметіне қатысты пікірін білдірді. 

Василенконың айтуынша,Қазақстан Ауғанстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастық жасауға аса ниетті.

"Бүкіл дүние жүзінің өкілдері қазір Ауғанстанмен және сол елдегі билікті қолға алған ұйыммен жұмыс істеп жатыр", - деді ол.

Алайда ол, Ауғанстанда әйелдердің құқығына қатысты мәселелер барын айтты. Талибан үкіметі әйелдерді үкімет құрамына қосу туралы уәделерін әлі де талқылап жатқанын айтты. 

"Ауғанстан - Орталық Азиядағы көршіміз және мұндай өзара іс-қимыл қазіргі уақытта біздің мүддемізге қайшы емес", - деді вице-министр. 

Айта кетейік, 2024 жылғы 13-14 маусымда өтетін Астана халықаралық форумына Талибан үкіметі шақырылған. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?