Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Түгі қалмай өртеніп кетті: Қостанайда жантүршігерлік жол апаты болды

21:05, 17 қыркүйек 2024 193

Жол апаты 17 қыркүйек күні сағат 17:00 шамасында "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" автожолының 184 шақырымында болған, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Ulysmedia.kz.сайтына сілтеме жасап.

17 қыркүйек күні сағат 17:00 шамасында "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" автожолының 184 шақырымында Қарасу ауданының Дружба кентінің маңында Chevrolet Cobalt және Audi автомобильдері соқтығысқан.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Audi жүргізушісі  рульге ие бола алмай қалған. Салдарынан  ізінен келе жатқан Chevrolet Cobalt  жүргізушісі көліктен қашып құтыла алмай, соққыдан жол шетіне ұшып кеткен. Артынша көлік өртенген. Оқиға салдарынан Chevrolet жолаушысы алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды. Екі көліктің екі жүргізуші мен екі жолаушысы әртүрлі жарақаттармен медициналық пунктке жеткізілді. Жергілікті жерде жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Оқыс оқиғаның себебі анықталып жатыр. 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?