Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Павлодарда 6-сынып оқушысы екі баланы пышақтап кеткен

14:52, 14 қыркүйек 2024 176

Павлодарда 6-сынып оқушысы №21 орта мектептің екі оқушысына пышақ салып, жарақаттады. Оқиға11 қыркүйекте азық-түлік дүкенінің жанында болған, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

«Алтыншы сынып оқушыларының бірі екі оқушыны пышақпен жарақаттаған. Олар бірден ешкімге ештеңе айтпаған, сол күні кешке сабаққа келмей, облыстық балалар ауруханасына барып, медициналық көмекке жүгінген. Онда пышаққа ұрынған жерлерін тігіп берген», делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта зардап шеккен оқушылардың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар