Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Үй жаққа барып төбелесейік дейтін балалар болушы еді ғой...". Ринат Зайытов қырғыздардың қайта көкпар тартысқа шақыруын қатты сынады

18:12, 18 қыркүйек 2024 1543

Көшпенділер ойынан кейін Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары арасындағы көкпар ойыны көпшіліктің қызу талқысына түскен еді. Финал соңы дауға ұласып, қырғыз көкпаршылары тарапынан наразылық пікірлер айтылды. Кейіннен Қырғызстан көк бөрі федерациясының өкілдері Қазақстанға 1 қарашада қарымта кездесу өткізуді ұсынды. Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов El.kz ақпарат агенттігіне берген сұхбатында көкпардағы қырғыз бен қазақ бәсекесі ешқашан басылмайтынын айтады. Бұл жайлы Alash.kz ұлттық порталы жазды.

Мәжілісмен қырғыздардың көкпардан реваншқа шақыруын үй жаққа барып төбелесейік дейтін балалардың әңгімесімен тең екенін атап өтті.

“Әділ өтте деп айта аламын. Көкпардың эмоциясын жанкүйер ретінде біз өте жақсы білеміз. Алдараспан театрындағы Нұржан Төлендиевтің айтатыны бар ғой, көкпарда аяқ жұлынады, құлақ кетеді. Көкпар – нағыз жаужүрек, мықты жігіттердің ойыны. Мұндай эмоция Қырғызстандағы ойынға барғанда біз ұтқан кезде де болған. Оның алдында да болған. Көкпардың айналасында эмоцияналды айқау-шу болып тұрады. Ол үйреншікті нәрсе. Мысалы, футбол жанкүйерлерінің де бір-бірін тепкілеп жатқанын көріп жатамыз. Дәл сол сияқты көкпар біздің қанымызды қыздыратын ойын болғандықтан қазақ пен қырғыз үнемі осы бәсекеде”, – дейді Ринат Зайытов.

Спортта қанша бәсеке болса да, екі ұлттық достығына сызат түспеуі тиіс екеніне тоқталды.

“Бірақ бұл екі ұлттық жауласып кетуіне немесе басқа адамдардың қазақты, қырғызды жек көріп кетуіне алып келеді деген сенбеймін. Мысалы, айтыста да талай тартыс болады. Көкпар – ішіміздегі лапылдап тұрған жанкүйерлігімізді оятатын біздің спорт. Реванш жағдайына келетін болсақ, бала кезімізде біздің үй жаққа барып төбелесейік дейтін балалар болушы еді ғой. Бұл соңғы ойын емес, әлі алда талай ойындар болады, сол кезде кім мықты екенін дәлелдейді”, - деді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар