Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Димаш пен Дүниежүзілік көшпенділер ойыны үшін". Қазақ еліне екі апта ішінде жарты миллионнан астам турист келген

"Димаш пен Дүниежүзілік көшпенділер ойыны үшін". Қазақ еліне екі апта ішінде жарты миллионнан астам турист келген
Қазақстанға екі аптада жарты миллионнан аса турист келгені хабарланды, деп жазды Alash.kz ұлттық порталы.
 
Биыл 1-13 қыркүйек аралығында елімізге келген шетелдік туристер саны 597 мыңға жетті.
 
Ұлттық арнаның хабарлауынша, бұған ықпал еткен негізгі факторлар – елде Дүниежүзілік көшпенділер ойынының өтуі мен танымал әнші Димаш Құдайбергеннің концерті.
 
Аталмыш шараларға 89 мемлекеттің азаматтары келген. Ең көп турист келген елдер:
  • Қытайдан 8 мыңнан астам;
  • Үндістаннан 6 мыңнан астам;
  • Германиядан 4 мыңнан астам;
EQonaq жүйесі Астанада 12,4 мыңға жуық шетелдік туристі тіркеді. Олардың қонақ үйде тұруға, жолпұл, тамақтану және ойын-сауыққа жұмсаған жалпы шығыны – 15,5 млн АҚШ долларын құрайды.
 
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына келушілер ел экономикасына қосымша 625 000$ (доллар) қосқан.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар