Кремль АҚШ президенті Дональд Трамптың Ресейге екі атомдық сүңгуір қайық жіберу туралы мәлімдемесіне алғаш рет пікір білдірді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
«Біз мұндай пікірталастарға араласқымыз келмейді және бұл жағдайды ешқандай түрде түсіндіргіміз келмейді. Біз ядролық мәселелерге байланысты кез келген мәлімдемелерге өте сақтықпен қараймыз. Ресейдің бұл тұрғыда ұстанымы белгілі, президент Путиннің көзқарасы баршаға мәлім. Ресей ядролық қаруды таратпау мәселесіне өте мұқият қарайды және біз барлығы ядролық риторикаға өте мұқият болуы керек деп есептейміз», — деді Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.