Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мүгедектігі бар адамдар үшін дауыс беру кезінде қажетті барлық жағдай жасалған

04:14, 20 наурыз 2023 290
Алматы тұрғындарына сайлау кезінде қандай жағдай жасалды? Жағдайды білу үшін бірнеше сайлау учаскесін аралап шықтық. Мәселен сайлауға қатысқысы келсе де қатыса алмайтын, кейбір арбамен жүретін мүмкіндігі шектеулі жандардың белсенділігі қаншалықты?

Біз сайлау учаскелерін аралау барысында мүгедектігі бар жандар үшін барлық жағдай жасалғанына куә болдық. Негізі Алматы қаласындағы сайлаудың алдын ала өз деңгейінде ұйымдастырылғанының бір айғағы мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайы алдын ала ойластырылған еді. Елімізде Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтер алдында Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Алматы қаласы бойынша өкілдігі қала әкімдігімен бірлесіп, мүмкіндігі шектеулі жандардың сайлау құқықтарын іске асыру бойынша барлық сайлау учаскелеріне мониторинг жүргізіп, алдын ала пысықтаған болатын. Нәтижесіне сайлау күні куә болдық. Яғни сайлау құқығына ие мүгедектігі бар адамдар үшін дауыс беру кезінде барлық қажетті, ерекше жағдайлар жасалынған екен.

Олар үшін дауыс беруге қолайлы етіп, сайлау жәшіктері бірінші қабатта, қолжетімді жағдайлармен жасалынған. Ал көзі нашар көретін, зағып жандар үшін Брайль шрифтін пайдаланып сайлау бюллетенін толтыру үшін трафарет дайындалған. Біздің көз алдымызда дауыс беруге келген Ержан Әмірбек есімді азамат «елімізде болып жатқан жайттардан, маңызды шаралардан хабарсыз қалғым келмейді. Осы жерге арнайы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған көлікпен келдік. Бір кездері бұл біз үшін арман болатын, тек теледидарға байланып, үйден шықпайтын едік. Пандустар жеткіліксіз болғандықтан тіпті театрларға да бара алмайтынбыз, концерттер көргіміз келсе де үйден шыға алмайтын едік. Мүмкін емес нәрседей көрінетін. Ал қазір емін еркін жүруге мүмкіндік туды. Мәжіліс қабырғасына бірді екілі арбамен жүретін жандар барғаннан кейін біздің талап тілегіміз биліктің құлағына жетті. Қазір көп қызметтер қолжетімді.

Осы орайда биыл да бірнеше мүмкіндігі шектеулі жандардың Мәжіліс, мәслихат сайлауына қатысып жатқанын есітіп қуандым. Бұл біздің қоғамның мүмкіндігі шектеулі жандармен санаса бастағанын аңғартады. Мен үшін де ондай жандардың осындай мәртебелі орындарға ұмтылып жатқаны үлкен мотивация. Олар үлкен додаларға қатысып жатқанда, менің тіпті дауыс бермей үйде жатуым ұят қой. Сайлауға қатысу арқылы ең алдымен әрбір азамат өз мүддесін қорғайтынына көзім жетіп келеді. Сондықтан тіпті сайлауға қатыспай қоғамдағы мәселелерді сынау ұят. Одан да өзің мүдделес жанға дауыс бер, қоғамды бірге өзгертуге тырыс» дейді.

Расында соңғы кездері қоғамымызда мүкміндігі шектеулі жандар үшін көптеген жұмыстар атқарылды. Сол өзгерісті сезінген азаматтың белсенділігіне риза болдық.
Жалпы Алматы қаласы бойынша 579 сайлау учаскесі пандустармен жабдықталған екен. Сайлау учаскелерінің 95,2% - мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін бұрыштарды жабдықтау жоспарланған. Учаскелердің 94,1% -тірек-қимыл аппараты функциялары бұзылған сайлаушылардың, оның ішінде кресло-арбаларды пайдаланушылардың қолжетімділігін ескере отырып, кабиналарды жабдықтау қарастырылған екен. Ал сөйлеу қабілетінен айрылған азаматтар үшін қимыл тіл мамандары, яғни сурдоаудармашылар тартылған. Жоғарыда мүмкіндігі шектеулі азамат мақтаныш етіп айтқан 80-нен астам «Инвотакси қызметі» сайлау күні өз қызметін көрсетеді. Сондай-ақ мүгедектігі бар алайда сайлау учаскесіне келуге жарамайтын тұлғаларға үйде дауыс беру қызметтері ұйымдастырылғанына куә болдық.

Жалпы Алматы қаласында сайлау науқаны мұқият, барлық жағдайларды ойластыра отырып ұйымдастырылған. Тіпті кейбір сайлау учаскелерінде ән қосып, сайлауға келушілерге көтеріңкі көңіл күй сыйлау да ойластырылған екен. Біз бақылаған сайлау учаскелерінде негізінен орта жастағы жандардың белсенділігін көп байқадық.

Еркенұр Қонысбай
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар