Экс-министрлер қатарында болған, қоғамның ащы талқысына түскен Қуандық Бишімбаев психологиялық тұрғыда қандай адам және тұлға ретінде жетілу сатысы қалай дамыды? Жұбайы Салтанат Нүкенованы неге «тұтқында» ұстады?
Alash.kz порталының тілшісі ҚР заң жинағына қанмен енген « тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жазаны күшейту» мәселесіне «өз септігін» тигізген Салтанат Нүкенова мен Бишімбаевтың психологиялық келбетін анықтап, не үшін мұндай жағдай орын алғанын еліміздегі білікті психологтармен талдады.
-Бала кездегі травма” деген сөз тіркесі қазір өте жиі қолданылады. Бишімбаевтың да қазіргі ісі - балалық шақтың жемісі ме?
Ұлмекен Сәндібекқызы- практик-психолог, гештальт-терапевт.
-Бала кездегі психологиялық жарақаттың ересек өмірде алар орны ерекше. Бала кезде аяқталмаған сценарийлер ересек өмірде жалғасын табады. Ықтимал белгілері: балаға эмоция-сезімдерді көрсетуге тыйым салу( “ер бала жыламайды”, “ашуыңды көрсетпе”) , бас тарту сезімі(чувство отвержения), елемеушілік, мойындамау, психологиялық және физикалық күш көрсету.
Матаева Алтыншаш – "Көмек" психологиялық орталығының қызметкері.
-Есею, жалпы травмасыз болмайды. Балаға әрдайым ата-ананың махаббаты жеткіліксіз. Өсу барысында әке-ананың қолдауымен баланың бойында өміршеңдік қабілеті қалыптасуы тиіс, бірақ шеттен тыс еркелету, барлығын кешіру, баланың әр қатесіне немқұрайлықпен қарау, өкінішке орай баланың бойында тәкәппарлықпен қатыгездікті қалаптастыруы мүмкін. Психологтар бұны “ Құдай синдромы” деп атау берді…
Ал әр-түрлі өмірдегі оқиға, өзгерістермен және баланың психикасы мен отбасыдағы жалпы рухани құндылықтарға көзқарасқа байланысты бұл қиын мәселелерге әкелуі мүмкін.
-Бишімбаевтың психологиялық келбеті қандай? Не үшін ол өз әйелін “тұтқында” ұстап, кейін қастандықпен өлтірді?
Ұлмекен ханым: - Бишімбаевтың психологиялық келбеті - менің субъективті пікірім бойынша, абьюзерлік сипаттамаға сай келеді. Нарцисстік тұлға, қызғаныш сезімі жоғары, эмоциялық тәуелді тұлға деп есептеймін. Адамды жоғалтып алудан қорқыныш. Жалғыздық сезімін бастан өткізгісі келмеу. Эмоциялық тәуелді адам ұзақ уақыт терапияға қатысып түзету жұмыстарын жүргізбеген жағдайда, аффект жағдайында соңы осындай қасіретке алып келуі мүмкін.
Алтыншаш ханым: - Жалпы “психологиялық келбеті” туралы психологтар мен психиатрлар өздерінің ойларын айтуда, менде солармен келісемен: нарцисстік первезді түрі, жоғары деңгейлі тәкәппарлық, алған тәрбиесіне байланысты “туннелді ойлау қабілет”, манипулятор.
-Бишімбаев Салтанат Нүкенованы жақсы көрді ме? Махаббаттың бұндай қатігез тілі бар ма?
Ұлмекен ханым: - «Махаббат, сезім ұшқыны эмоциялық тәуелділікке алып келді»,- деп айта аламын. Әрбір тұлға анасымен қарым-қатынаста аяқталмаған сезімдерді өз сүйікті адамынан алуға тырысады. Менің ойымша, Бишімбаев анасынан ала алмаған мейірім-махаббат, көңіл бөлуді Салтанаттан ала алды ,- деп ойлаймын.
Егер, бұл мәселенің түбін ақтарар болсақ, “әлемге деген баланың сенімінің жоғалуынан” (нарушение базового доверия к миру) болуы мүмкін. Бұл сценарий ана мен баланың қарым-қатынасынан бастау алады.
Егер де, ұзақ уақытқа созылатын психотерапиялық сессия арқылы түзету жүргізбеген жағдайда өз жарақатына сай келетін ер немесе әйел адамды бейсаналы түрде, эмоциялық күйде таңдайды.
Мысалға айтар болсақ, әкесінің ішімдікке тәуелділігін көріп өскен қыз бала, қанша салауатты өмір салтын ұстанатын жігітке тұрмысқа шыққысы келгенмен эмоциялық күйі сондай эмоциялық тербеліс алып келетін ер азаматты таңдайды.
Алтыншаш ханым: - Менің ойымша, ия, махаббаты болды. Бірақ, сау адамның махаббатына ұқсамайды оның сезімі.. Оның махаббаты ерекше. Көбінесе “абьюзерлер” өзіне қатаң критерийлер арқылы жар іздейді және табыды…
Олардың мақсаты, өзінің қолына түскен “жертваны” ұзақ өлтіру. Негізі олар бұлай тез өлтірмейді, ұзақ өлтіру арқылы рахат алады. Менің ойымша, Бишімбаев Салтанатты көндіре алмайтындығына көзі жетті, ол оны өмірінен айыруға соңғы уақытта шешім қабылдаған сияқты. Амал болмағандықтап, күшпен көндіруге шықты. Салтанат нәзік қыз болса да, қуаты көп, оған бағынбады… Абьюзерлер өзінің “жертваларын” тегіннен - тегін жібермейді.
-Қазақ қоғамының ер адамның статусын шектен тыс биңк қоюының салдары әйел адамның қорлық көруіне әкеліп жатыр ма?
Ұлмекен ханым: - «Қазақ қоғамында ер адамның статусын шектен тыс биік қойған»,- деген пікірмен аса келісе қоймаймын. Сонау ғасырлар бойы қазақ қыз баласына ерекше құрмет білдірген. Қазір де дана , көреген әжелерімізді сүйсіне еске аламыз. “Әр үйдің сыры басқа, иттері қара қасқа”- демекші әр үйде тәрбие әртүрлі. Бұл біздің ұлттық идеологияны бұрмалап, ер азаматқа бәрі болады,- деген түсінік кейін келе қалыптасты деген ойдамын. Жеке аймаққа деген құрмет , баланың тұлғалығын, сезім-эмоцияларын тыңдау және сыйлау,- оның барлығы отбасыдан бастау алады.
Алтыншаш ханым: - Мәселе еркекті жоғары қоюда емес. Мәселе - құндылықты жоғалттық. Қыз баланың құндылығы - “қыздығы” деп, ер баланың құндылығы ”еркектік” деп қате жолға түстік.
Жалпы адами құндылық: өмір, адамгершілік, қайырымдылықтардың орнына күш, басу, ақша, өзгелешену, бәсеке - осы ересектердің миындағы мәселер арқылы ұрпағымызды кемсітудеміз, немесе керісінше - шеттен тыс көтеруге тырысамыз…
Жағдай қиын. Өйткені күнде «менің жігітім абьюзер, менің қызым абьюзер» деп жастар көп хабарласуда.
Себеп: ата-ананың тәрбиесі. Нәтиже: агрессия, тәкәппарлық, ажырасу, тәуелділік.
Айта кетерлік жағдай: Менің ойымша Бишімбаев “игрок” лудоман. Оларда сезімдері өледі…
Сұхбаттасқандарыңызға алғыс!