Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Бұл - өмір. Қабылдадым”. Тұрсынбек әйелімен ажырасты ма? - Мөлдірдің өзі жауап берді (ВИДЕО)

16:15, 29 маусым 2025 2595

Тұрсынбек Қабатовтың жары Мөлдір Мұқанова тележүргізуші Анна Данченкоға сұхбат беріп, желіде тараған қауесетке жауап берді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

“Көзімде мұң бар ма? Ет пен сүйектен жаратылған адамбыз ғой. Барлығымыз бірдей пенде, бірдей адамбыз. Барлығымыз бірдей жаратылғанбыз. Менің өмірде күліп, жарқырап жүргенімнің барлығы ішімдегі дүниемен толықтай сай деп айта алмаймын. Қазір кез келген сұраққа жауап бере аламын. Кез келген нәрсені қабылдадым. Солай өмір сүру жеңіл екеніне енді ғана көзім жетті. Бұл - өмір. Өмір болғаннан кейін “мен ерекше жаратылғанмын, менде ғана бәрі идеально болады” деген ой ешкімде болмауы керек. Сондықтан да деп жыласаң… Кешегі жылап қалған сәтім туралы сұрақ қойдың ғой. Кинода сондай сюжет болады. Кинода съемка уақытында ішім алай-дүлей болып жатыр… Бірақ толықтай көз жасым шыққан жоқ. Қолымнан келгенше жеткізіп көрдім. Актриса емеспін. Кино біткеннен кейінгі көрініс. Сол сәтте құрбым қасымда отырып түсіріп алған. Ол өз парақшасына салыпты. Содан кейін соавторство жіберген екен. «Жарайды» дедім. Жасыратын несі бар?”,- деді Мөлдір Мұқанова. 

Журналисттің: “Ресми түрде ажырастыңыздар ма?” деген сұрағына:

“Мен бұл сұраққа жауап бермеймін деп шештім. Бәрі жақсы. Еш алаңдамаңыздар. Осы сұраққа жауабым. Бізде бәрі жақсы”,- деді Мөлдір Мұқанова. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар