Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Туыстары құрылыс орнынан тапқан". Ақмола облысында жас ананың мәйіті табылды

11:12, 28 маусым 2025 232

Ақмола облысында аса қайғылы жағдай болды. Жас ана өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Аlash.kz порталы өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Azattyq Rýhу жазуынша, оқиға 26 маусым күні Ақмола облысының Бұланды ауданында тіркелді.

Полиция мәліметінше, жас әйел үйде ешкім болмаған кезде өз-өзіне қол жұмсап, асылып қалған.

Марқұмның денесін үйдің ауласындағы шаруашылық құрылыстан туыстары тапқан. Аталған факт бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы анықталуда. Қосымша ақпарат тергеу аяқталған соң ұсынылады», – деп хабарлады Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар