Қызметтен кеткен мектеп директоры Ақмоншақ Нұртаза ел естімеген жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды Alash.kz.
Бір арманымыз орындалды…
⠀
Ең алғаш шет елге шыққанда жолдасым екеуміз ата-анамызды әкелуді армандадық, жоспарлап жүргенде Әкем өткен жылы өмірден өтіп кетті. Жолдасым екеуміздің арманымыз өте көп. соның бірі орындалған күн болды, бірақ әкемсіз….
⠀
Біз үшін бұл – жай ғана демалыс емес, бір-бірімізге қуаныш сыйлаған, армандарымыздың бірі орындалған сағынышты сәл де болса жеңілдеткен сапар болды.
Алғаш рет осылай 9 адам болып – 4 бала, 3 ата-ана, жолдасымыз екеуміз – шет елге шықтық, аллаға шүкір, енді алла қаласа өрісіміз кеңейіп, бауырларымызбен демалу бұйырсын деп, тамаша көңіл күйде елге келе жатырмыз, әлемнің керемет жерлерін аралайтындай денсаулық берсін.
⠀
Бұл – тек бастамасы.
Алда ата-анамызбен бірге әлемді аралап, әр сәтті естелікке айналдыру – басты арманымыз.
⠀
Жақындарыңмен бірге жасалған әр қадам – өмірдің ең үлкен жетістігі. Армандар күтпейді – оларды тез жүзеге асыру керек.