Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Қазақтың салт-дәстүрі дәріптелген ерекше той”. Сүйінші! Димаштың шаңырағында дүбірлі той! (ВИДЕО)

13:32, 02 тамыз 2025 894

Димаш Құдайбергеннің қарындасы ұзатылды. Қазақы салт-дәстүрмен өрнектелген той жайлы Гүлнұр Оразымбетова жазды, деп хабарлайды Alash.kz.

Тамыз әдемі тоймен басталды. Қазақтың салт дәстүрін дәріптей отырып,тәрбиелік мән мағынаға толған тамаша кештің куәсі болдым. @kanat_sveta_aitbayevtar әулеті алақанда аялап өсірген Раушан гүлін ұзатты.Той ерекше форматымен есте қалды. Үлкендердің батасы,әр столға гүлдің атауы жазылған,кеш жүргізушілері қонақтар отырған столды атымен атап,кімдер отырғанын таныстыра отырып, отбасы болудағы ерекше сәттерімен бөлісуін сұрағаны нағыз тәрбиелік мәні зор ерекшелік болды.

Әр ой бөлісу тамаша әндермен жалғасып отырды. “Love story” кино дерсің кішігірім. @kudaibergenov.dimash қарындасына өзінің авторлық әнін тапту етті.Ерекше эмоцияға толы кеште сториспен бөлісуге де уақыт болмады. Себебі,осы тойда есте қалар тамаша әңгімелер айтылды,сөз тыңдадық.

Маған осы кешті “Махаббат деген” атты әніммен ашу бұйырды. Барлығына шүкір. Сыйластық болған жерде отырар орның,жүретін ортаң да айқын. 
Раушан қызымыздың бақыты баянды болсын, Қанат, Света! Ата-енені,азаматын,балаларын сыйласа Светадай сыйласын деп ой түйдім. Әдемі той жұғысты болсын! - деп жазды ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар