Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Алақаныма салып баққан құлыншағым” - Димаштың әжесі есте қаларлық ерекше тілекпен тәнті етті (ВИДЕО)

20:48, 01 тамыз 2025 806

Бүгін Димаш Құдайбергеннің қарындасы өз теңін тауып, үлкендерден бата алу тойын жасады, деп хабарлайды Alash.kz.


Екі жасқа ақ тілегін арнаған әулеттің үлкендері толқыныстарын жасырмады. Димаштың әжесі Миуа апа немересіне арнап ерекше құттықтау білдірді: 

"Дүниеге келген күнінен бастап алақаныма салып баққан құлыншағым 24 жасқа келіп өз теңін тауып, өз шаңырағының отын тұтатып, бақытқа қадам басып отыр. Ермахан екеуі тек бақытты болсын"


Еске салайық, Раушан Құдайберген өз бақытын Шымкенттік әртіс жігіт Ермахан Аймахан деп тапқан. Жастардың мерейіне ұйымдастырылған құдалық ерекше стильде өтті. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар