Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Еркетайым, елігім, қарлығашым…”. Димаш қарындасына ағалық іңкәр сезімін жырлады (ВИДЕО)

15:40, 02 тамыз 2025 867

Димаш Құдайберген ұзатылып бара жатқан туған қарындасы Раушан Құдайбергенге арнаулы жазба жазып, ақ тілегін жеткізді, деп хабарлайды Alash.kz.

«Жол мұраты — жету, қыз мұраты – кету» дейді қазақ халқы. Оны ұғынсақ та, бауыр етінен жұлып алғандай етіп қарындасты өзге жұртқа аттандыру кімге болса да оңай емес екен?! Дегенмен, теңін тауып, ата-анасының, туған-туыстарының ризашылығымен кетіп бара жатқаны көңілге қуаныш ұялатады. Қолымыздан ұшып бара жатқан қызымыздың қонған жері құтты болсын! Барған еліне тастай батып, судай сіңсін! Құдай қосқан жарына бақ болып қонсын, қосағымен қоса ағарсын! 

Раушантайыма Мансұр ініммен бірге, “Қарлығашым, ұя салғанда…” атты әнімді ақжүрек тілегіміз ретінде қабыл алғайсың! Жүректегі сағыныш пен қимастықты осы әннің өн-бойынан көрсеткіміз келді. 

Бақытты бол, қарлығашым менің! Көкесінің жүрегі! - деп жазды әйгілі әнші. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар