Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Сәләфиттер сатып алған”. Қазақтың “құйрық-бауыр асату” салтын дінмен байланыстырған журналист сынға ұшырады (ВИДЕО)

20:03, 15 шілде 2025 473

Қазақтың “құйрық-бауыр асату” салтын дінмен байланыстырған журналист, блогер Әлия Әшім елдің сынына ұшырады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

”Қазіргілердің ойлап тапқан дүниесі ма деп ойласам. Бұл Әзірет Әли кезінен сақталған салт екен. Әзірет Әли келін түсірген кезде отыз күн ойын, қырық күн тойын жасап, құдаларға малдың етіне бата жасатып, кәделі жілігін түгел асатады. Сосын балбырап піскен қойдың құйрығын турап, үстіне бауыр турап араластырып айран қосып, құдалардың алдына тосады. Ұн жағады беттеріне. Құда болдық, Құдай дестік. Енді құйрық бауыр сияқты жақын болайық деп Әзірет Әли құдалығын дәл осы кәдемен бекіткен көрінеді. Сол сәттен, сол жағдайдан бастап бұл салт халық арасында кең таралып, құдалармен құйрық бауыр жеу деп аталып кеткен көрінеді”,- деді Әлия Әшім бейнежазбада.

Журналисттің пікіріне желі қолданушылары қарсы шығып, түрлі пікір қалдырды. 

“Біздің қазақтың салт-дәстүрі жоқ, бір дымсыз өскен ұлт секілді сезінеді-ау осы кей адамдар… Арабты емес, керісінше қазақтың салт-дәстүрін зерттеп дәріптесе, әлде қайда өзіне дұрыс болар еді. Арабтан қазаққа не пайда?”, “Мынау енді бұрмалау. Енді барлық терең тарихы бар салтымызды 7 ғасырда пайда болған ислам дініне әкеп тіресек жетістік”, “Мынауы енді шектен шыққандық. Сұмдық. Білімсіз журналист екен”, “Мен ақтап пост салғанмын. "Әлі де елге берері көп, жас, білімді ғой. Сағы сынып қалмасын" деп. Мына әңгімесінен кейін ойланып қалдым. Бұнда уахабістердің шашбауын көтеріп, көсіліп отыр. Құйрық-бауыр жеудің қайдан шыққанын білмеуі мүмкін емес”, “Маскасы шешілді-ау деймін”, “Алла-ау, мыналар ұлтқа қарсы жұмыс істеп жүрген нағыз халық жауы екен ғой!”, “Сәләфиттер сатып алған ғой бұл қызды да”, “Қауіпті тенденция. Надан, сауатсыз, ұятсыз тобырға айналдық. Қазіргі таңда өтірік уағыздар қоғам санасына қатты әсер етуде. Гитлердің саясаты жолда қалды. Осы бетімен 20-30 жылдан кейін қазақ дәстүрі мен ділі жоқ болатын шығар. Иттің балдары "өзің білме, білгеннің тілін алма" боп тұр”, “Бояушы бояушы дегенге сақалын бояпты...”,- деп жазды желі қолданушылары.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар