Белгілі ресейлік кинорежиссер, сценарист Александр Митта 93 жасында өмірден озды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Қайғылы хабарды оның ұлы растады. Алдын ала мәлімет бойынша, өнер иесінің өліміне қатерлі ісік себеп болған.
Александр Митта «Звонят, откройте дверь» (1965), «Горячий снег» (1972) және «Экипаж» (1979) секілді танымал фильмдердің авторы.
Сонымен қатар, режиссер «Граница. Таежный роман» (2001) және «Лебединый рай» (2005) сериалдарын түсірді.
Алекстандр Митта ұстаз ретінде режиссура мен сценарий жазудан сабақ беріп, бірнеше буын киногерлерді тәрбиеледі. Өзінің авторлық мектебі мен «Кино между адом и раем» атты теориялық еңбегі арқылы да танымал болды.