Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

34 жастағы әйел терезеден секіріп ағаш үстіне құлап түсті

20 маусым 2024 363

Павлодар облысында 34 жастағы әйел терезеден құлап, ағашқа ілініп қалды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

Төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушылары әйелге көмекке келді.

Ақсу қаласында бес қабатты тұрғын үйдің жанында құтқарушылардың күшімен ағаштан 1990 жылы туған әйел құтқарылды. Ол  үшінші қабаттағы пәтерден құлап кеткен.

«Үш секциялы баспалдақтың көмегімен құтқарылған адам түсіріліп, жедел медициналық көмек бригадасына тапсырылды», — делінген хабарламада.

Оқиғаның мән-жайы және зардап шегушінің жағдайы анықталуда.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?