Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сархат Бейсенова Бас мемлекеттік санитария дәрігері болып тағайындалды

11:48, 17 қыркүйек 2024 153

Үкімет қаулысымен Сархат Бейсенова Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы – Бас мемлекеттік санитария дәрігері қызметіне тағайындалды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлайды.

Сархат Бейсенова 1972 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік медицина институтын, Тұран-Астана университетін бітірген. Еңбек жолын 1989 жылы Ақмола облыстық онкология диспансерінде санитар болып бастаған. 

1996-1999 жылдары Ақмола қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық стансасының дәрігер-эпидемиологы, облыстық Ішкі істер басқармасының дәрігер-эпидемиологы болды.

 1999-2009 жылдар аралығында Астана қаласы Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы эпидемиологиялық бөлімінің дәрігер-эпидемиологы, меңгерушісі, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы, Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті директорының орынбасары – Астана қаласы бас санитарлық дәрігерінің орынбасары болған.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар