Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстандағы беделді бір университеттен Назарбаевтың есімі алынып тасталады

11:07, 09 шілде 2025 437

Қазақстандағы жоғары әскери оқу орны – Тұңғыш Президент – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті алдағы уақытта атауын өзгертпек. Енді университет "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті" деп аталуы мүмкін. Бұл туралы Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында жарияланған жаңа құжатта айтылған, деп хабарлайды Alash.kz.

Ғылым және жоғары білім министрлігі Үкіметтің "Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ерекше мәртебесі туралы" қаулысына өзгеріс енгізуді ұсынып отыр. Жобада қазіргі атаудағы Назарбаевтың есімін алып тастау ұсынылған:

"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің атауын Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті деп өзгерту көзделіп отыр".

Құжат қоғамдық талқылауға шығарылып, ұсыныс-пікірлер 2025 жылдың 18 шілдесіне дейін қабылданады.

Университет атауын қайта қарау туралы бастама алғаш рет 2023 жылы парламент қабырғасында көтерілген. Мәжіліс депутаттары ұсыныс жасап, Елбасы туралы Конституциялық заң күшінің жойылуын негіз ретінде келтірген еді.

ҚР Ұлттық қорғаныс университеті – Қазақстан Қарулы күштері мен басқа да мемлекеттік күштік құрылымдар үшін офицер мамандарын даярлайтын жоғары әскери білім беру мекемесі. Ол 2003 жылы сол кездегі мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен құрылды. 2018 жылы оқу орнына Назарбаевтың есімі берілген болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар