Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Өтінемін! Керек емес! деп айқайлады”: Семейде ер адам сүйіктісін аяусыз соққыға жыққан (ВИДЕО)

10:46, 01 тамыз 2025 1086

Семейдегі Докучаев көшесінде ер адамның қызды күштеп көлікке отырғызған сәті видеоға түсіп, әлеуметтік желілерде тарап кетті, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы

Желідегі кадрда қыз баласының “Өтінемін, керек емес!” деп айқайлап, қарсыласқаны естіледі. Куәгерлер оқиғаның мән-жайын видеоға түсіріп, көліктің нөмірін жазып алған.

Абай облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдіріп, көліктегі жас жұптың арасында кикілжің орын алғанын хабарлады. 23 жастағы жүргізушіге қатысты “дене жарақатын салу” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сонымен қатар, ер адамның жол қозғалысы ережелерін бұзғаны және түнгі уақытта қоғамдық тәртіпті сақтамағаны үшін қосымша жауапкершілікке тартылатыны белгілі болды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар