Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“16 жерінен пышақтап, мәйітін қоқысқа лақтырып кеткен”. Шымкентте жоғалып кеткен қыз өлі табылды

11:52, 01 тамыз 2025 1456

Шымкентте 21 шілдеде үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған 26 жастағы Диана Оңғарбаева өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Alash.kz Ұлттық порталы.

Әйел адам “үй жинаушы қажет” деген жұмыс жайлы хабарландыру бойынша шақыртылған мекенжайға барған. Адвокат Ләззат Рақышеваның мәліметінше, марқұмның туыстары таратқан ақпаратта қызды 17 жастағы жасөспірім пышақтап өлтіріп, денесін қоқысқа тастаған:

“Өкінішке орай біз іздеген Шымкент қаласының тұрғыны өлі табылыпты. 17 жасар жігіт 16 жерінен пышақтап өлтіріп, мусорға тыстап кеткен. 10 күн болыпты, телеграм каналына “жұмыс бар” деген, үй жинау керек деп салған екен, қыз сол хабарландырумен барған. Өте ауыр жағдай. Екі кішкентай қызы мен жолдасы қалды артында“.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар