Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Кешірім сұраймын” - Мирас Жүгінісов ағасының діни көзқарасы туралы ел естімеген шындықты айтты

12:45, 01 тамыз 2025 1464

Отандық шоу-бизнес өкілі Мирас Жүгінісов ағасы Рүстем Жүгінісовтің ел арасында резонанс тудырған пікіріне қатысты мәлімдеме жасады, деп жазады Alash.kz.

Бұл туралы әнші өз ойымен ашық бөлісіп, ағасының өрескел қателігі үшін нәзік жандылардан кешірім сұрады. Ол әр адамның пікіріне сыйластықпен қарайтынын, бәрінің ойына келісе бермейтінін жасырмады:

“Соңғы күндері ағамның айтқан пікірі қоғамда үлкен резонанс тудырып, кейбір жандардың көңіліне тиіп жатыр. Ол – өз ойын білдірген жеке тұлға. Мен – өз жолы, өз ұстанымы бар адаммын. Отбасымның әр мүшесін құрметтеймін, бірақ олардың жеке көзқарастары менің ойыммен әрдайым сәйкес келе бермейді. Сол себепті кейде белгілі бір мәселелер туындайды. Ашығын айтсам, бұл жайында осылай сөйлеймін деп ойламадым. Не айтқым келгенін сіздер түсініп отырсыздар.

Менің шығармашылығым – адамға құрмет туралы. Нәзік жандыларға арналған әндерім де бар. Өйткені әйел адамның орны менің өмірімде ерекше. Бұл жағдайдан көңілі қалған барша жаннан кешірім сұраймын. Сіздердің сенімдеріңіз – мен үшін өте маңызды”

Еске салайық, Ақтөбедегі Нұр-Ғасыр мешітінде орын алған харассмент желіде қызу талқы үстінде. Бұл жағдайға қатысты танымал адамдап пікір білдіруде. “Бір реттік некеге ұсыныс алдым” деген блогер қызға Мирас Жүгінісов қолдау білдіретінін де ашып айтты. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар