Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Мен президент болмасам, біз мына соғыста тұйықталып қаламыз" - Трамп

10:51, 25 қыркүйек 2024 283
 

АҚШ президенттігіне кандидат Дональд Трамп Джорджия штатындағы сайлауалды іс-шарасында президент атанып жатса, АҚШ-тың Украинадағы соғысқа араласуын тоқтататынын айтты, деп хабарлайды Alash.KZ Reuters-ке сілтеме жасап.

Трамп қазіргі президент Джо Байден мен вице-президент Камала Харрис АҚШ-ты осы соғысқа араластырып, енді одан шығара алмай отыр деп санайды.

«Меніңше, егер мен президент болмасам, біз мына соғыста тұйықталып қаламыз. Менің қолымнан оны болдырмау келеді. Мен келіссөзге қол жеткізіп, кетем де қалам. Бізге ол жақтан шығу керек. Байден біз жеңбей, шықпаймыз» дейді. Ал егер олар (Ресей – ред) жеңсе не болады?» деді ол Джорджия тұрғындарына.

АҚШ Украинадағы соғысқа тікелей қатыспайды, бірақ Украинаға ауқымды көмек беру арқылы оның жеңілмеуіне жағдай жасап келеді, деп жазды Ұлысмедиа.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?