Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"13 жаста": Түркістан облысында жүкті болып қалған оқушыға мектеп тарапынан қандай шара қолданылды?

13:29, 30 қыркүйек 2024 483
 

Түркістан облысының Келес ауданында 13 жастағы оқушы жүкті болып, мектепке бара алмай отыр. Бұл туралы Бала құқығы жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева айтты, деп хабарлайды Alash.KZ.

Келес ауданында зорлық-зомбылық салдарынан 13 жастағы қыз жүкті болып қалған. Жыл басынан бері ол мектепке бара алмай отыр. Мектеп директорының орынбасары бұл жағдайдан хабары болса да ешқандай шара қолданбады. Ол істі кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға жібермеді, - деп жазды Динара Зәкиева Facebook-тағы парақшасында.

Сондай-ақ Сарыағаш ауданындағы білім ордасында да заңбұзушылықтар анықталды.

Сауалнамаларға қатысқан оқушылар Сарыағаш ауданына қарасты ауыл мектебінде буллинг, бопсалау туралы жазды. Көктемде бұл мектепте бала өзіне қол салған, сондай-ақ көктемде зорлық-зомбылық салдарынан 15 жастағы қыздың жүкті екені анықталды. Оқиғаларға дейін психологтар салғызған сурет арқылы 2 оқушы да өздерін нашар сезінетінін айтуға тырысқан. Бірақ оған ешкім назар аудармады. Әлеуметтік қызметкерлер, қамқоршылықпен жұмыс істемелмеген. Оларға қанша рет сигнал берілсе де шара қолданбаған, - деді Динара Зәкиева.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар