Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Е.БАПИ: Жалақым 150 мың теңге болған

09:59, 29 наурыз 2023 223
Парламент Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаты Ермұрат Бапи тілшілерге берген сұхбатында қанша айлық алса да, қанағат білдіретінін айтты.

– Депутаттық пәтер берсе, тұрасыз ба?

–  Енді қайда барамын? Далада жүрмейтін шығармын?

–  Өзіңіз қай жақтың тұрғынысыз?

–  Алматы қаласының тұрғынымын.

–  Алдағы бес жылда депутаттардың жалақысы көтерілмейді. 600-700 мың теңгеге жұмыс істеуге дайынсыз ба?

–  Мен «Дат» газетінің редакторы ретінде алып жүрген жалақым 150 мың теңгенің айналасында. Соған күн көріп келдім. Ұжымым да сондай. Олар 100 мыңнан артық алмайды. Бізде қанағат бар. Қанша бұйырады, соған разымыз.

Айта кетейік, Ермұрат Бапи ұзақ жылдар оппозициялық бағыттағы «Дат» газетінің редакторы болған. Ол Парламент Мәжілісінің VIII шақырылымына Алматы қаласынан депутат болып сайланды.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар