Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Астанада газ баллоны жарылып, 6 адам зардап шекті

18:50, 28 қыркүйек 2024 139

Астананың Алматы ауданында Ақыртас көшесінің бойында 2 қабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған кафеде газ баллоны жарылды, деп хабарлайды  Alash.kz ұлттық порталы.

Жарылыстан кейін ғимарат қирап, өрт шықты.

Ғимарттың 60 шаршы метрі қирады, өрт алаңы 15 шаршы метр. Өрт сөндірілді. 6 адам жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

ТЖМ күштері қауіпсіз жерге көлемі 50 литр болатын 4 тұрмыстық газ баллонын шығарды.

Оқиға орнында ТЖМ қызметкерлері үйінділерді бұзу жұмыстарын жүргізуде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?