Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ассамблея филиалы – Алматыдағы этнос өкілдерінің қарашаңырағы

11:51, 25 ақпан 2023 268
Қазақстан – көпұлтты және көпконфессиялы мемлекет. Оның дін саласындағы мемлекеттік саясаты зайырлылық, төзімділік, діндарлардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу, сондай-ақ азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау қағидаттарына негізделген ел. Ар-ождан және дін бостандығына құрметпен қарайды. Қазақстанда діни сенім бостандығы бар, оған еліміздің Конституциясы мен заңдары кепілдік береді. Бұл туралы Атазаңда толық жазылған.

Қоғамдық және ұлтаралық келісімнің қазақстандық моделі толеранттылық, әділдік және теңдік идеяларына негізделген. Мемлекет әртүрлі этностардың, сондай-ақ елде тұратын халықтың мәдени және тілдік ерекшелігін сақтау саясатын жүзеге асырады. Бұл мемлекет дамуындағы басты бағдарлама екенін айта кеткен жөн.

Қазақстан халқы Ассамблеясы – 1995 жылы ұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты қолдау және азаматтық қоғамды дамытуға жәрдемдесу мақсатында құрылған қоғамдық ұйым. Ассамблея қалай құрылды, қандай қажеттіліктерден құрылғаны туралы осы уақытқа дейін айтылып, жазылып жүр. Ең бастысы көпұлтты қазақстандықтардың береке-бірлігін сақтау, ынтымағын арттыру мақсатында құрылған қарашаңырақ екенін айта кеткен дұрыс.

Қазақстан халқы Ассамблеясы ұлттық келісім мен ұлтаралық келісімді нығайтуға, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар жобалар мен бастамаларды қолдауға бағытталған іс-шараларды жыл сайын ұйымдастырады. Қазақстан халқы Ассамблеясының еліміздің әр өңірінде, соның ішінде Алматы қаласында филиалдары мен өкілдіктері бар. Алматы қаласындағы филиалында жыл сайын әр ұлт халқының ұлттық мереке-мейрамдары өтіп тұрады. Ең басты мейрам – наурыз. Бұл күні Ассамблея құрамындағы Алматы тұрғындары мерекені өте көңілді атап өтеді. Алматы қаласындағы этнос өкілдері Ассамблея бөлімшесіне келіп, өздерінің ұлттық мерекелерін ғана тойлап қоймай, басқа халықтардың да ұлттық кештерін атап өтеді.

Осылайша, толеранттылық пен теңдік қағидаттарына негізделген қоғамдық және ұлтаралық келісімнің қазақстандық моделі еліміздегі түрлі этностар мен діни конфессиялардың тату-тәтті өмір сүруіне мүмкіндік беріп отыр. Қазақстан халқы Ассамблеясының Алматы қалалық филиалы өз кезегінде осы үлгіні жүзеге асырудың, әлеуметтік маңызы бар жобаларды қолдаудың және Алматы қаласында және бүкіл республика бойынша ұлтаралық келісімді нығайтуға көмектесудің маңызды бөлімшесі қызметін атқарып отыр.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар