Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әлем тілдері университетінен неге аудармашы шықпайды?

06:42, 01 наурыз 2023 307




Мынау фотодағы әйгілі Абылай хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті. 2019 жылы 35 пайызы 1,7 млрд теңгеге сатылып кеткен. 90 жылға жуық тарихы бар оқу орнының үштен бірі бір мектеп салуға жетпейтін (мәселен, Астанадағы BINOM мектебі 10 млрд теңгеге жуық қаржыға салынды) ақшаға сатылған. Инвестор одан бері атақты оқу орнына қандай жақсылық жасағаны белгісіз. Не өзгеріс бар?




Айтайын дегенім жұрт үшін жай нәрсе, бірақ мен үшін маңызды болып тұр.



Өткенде кітап дүкендерінен өзге тілдерді үйренуге өз тіліңде кітап таппайсың деп жазған едім. Бұл - соның жалғасы. Ұлыбританияда Oxford бар. Ағылшын тілін өзге әлемге үйрететін, өзге әлемнің тілін ағылшынша тілі шыққандар үйренетін негізгі сөздіктер мен оқу құралдарын шығарады. Біз де ҚазХҚ және ӘТУ-ден осыны күтеміз. Бұл - бір.




Екіншіден, өз тіліңде өзге әлемнің көркем һәм танымдық әдебиетін оқығың келеді. Ол үшін шығармаларды аудару керек. Осы іспен Mazmundama бес жылдан бері айналысып жатыр. Бірақ жағдай мәз емес. Себебі сауатты аудармашылар тапшы. Жүз кітапты тізіп қойдық, бірақ аудармашы жоқ. Бұл пікірді төрт жыл оқып, аудармашы деген мамандық алған соң айтып отырмын. Кәсіби маманның пікірі дерсіз.




Сондай деймін де, инженер мен дәрігер секілді күрделі кәсіптің иелері тапшы болса, түсінуге болады. Ал енді аудармашыларды да дайындай алмасақ, сорымыз қайнаған халық екенбіз. Басқа айтар сөз жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар