Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Әжетханаға құлап кеткен”: 2 жасар баланың өліміне қатысты сұмдық жайт шықты

22:18, 01 тамыз 2025 434

Ресейдегі Иркутск облысының Улькан ауылында екі жасар бала даладағы әжетханаға түсіп кетіп, қаза тапты, деп хабарлайды Alash.kz.

Бала кешке жекеменшік үйдің ауласында ойнап жүрген. Әжетхананың қақпағында кішкентай саңылау болған, сол саңылаудан бала ішке түсіп кеткен.

Ата-анасы баланың жоғалғанын кеш байқап, оны құтқаруға тырысқан. Алайда саңылау ересек адамның кіруі үшін тым тар болып шыққан.

Баланы аман алып қалу мүмкін болмады. Уақыт ағаш қақпаны бұзуға кеткен.

Абайсызда адам өліміне себеп болу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар