Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"20 мың доллардан жоғары тұрады": Жәнібекті шет елге сатып жіберген әйелге қатысты тың дерек шықты

26 сәуір 2024 1333

Журналист Қымбат Досжан Жәнібекті шет елге кім сатып жібергені туралы соңғы деректермен бөлісті, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

«Жәнібектің салған соңғы жазбасынан кейін «Ақша алған әйел белгілі екен. Оның аты кім, неге айтпайсыздар?» деген сұрақтар көбейді. Біріншіден, қазір қылмыстық іс тергеліп жатқандықтан ол әйел туралы айтуға менің еш құқым жоқ. Негізі бұл әйелдің аты-жөнін, жасы нешеде, қайда тұратынын, немен айналысатынын біз осы жылдың басында қаңтардың 7-сі күні анықтадық. Жәнібекті асырап алған шешесімен хат жазысу арқылы білгенбіз. Бұны қымыстық істі қозғап жатқан Арқалық полиициясы да біледі. Қазір ол әйелді тергеп-тексеру үстінде. Сондықтан ешқандай мәліметті беруге менің құқым жоқ. Екіншіден “2004 жылы ақша алған кезінде ол әйел Арқалықта жұмыс істеген. Бірақ, сіздер жазғандай ешқандай перзентханада немесе балалар үйінде жұмыс істемеген. Ол тіл білгендіктен аудармашы болып жұмыс істеген. Қай жерде істегенін де айтпай-ақ қояйын. 12 мың долларды қолына санап алған кезде, Жәнібектің асырап алған анасына «Сіз аз беріп тұрсыз, америкалықтар бізге ұл балалар үшін 20 мың доллардан жоғары ақша береді» деген сөзін Валерий қазіргі асырап алған анасы өз аузынан айтты», - деді Қымбат Досжан.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?