Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Израильде әйгілі Al Jazeera телеарнасы жабылады

06 мамыр 2024 290

Израильде штаб-пәтері Катарда орналасқан араб тіліндегі Al Jazeera телеарнасы жабылатын болды.

Бұл туралы Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мәлімдеді.

Премьер-министр Израиль Үкіметі телеарнаны жабуға бірауыздан дауыс бергенін айтты.

Израиль Al Jazeera телеарнасын елдің араб халқын мемлекет пен оның армиясына қарсы, әсіресе ХАМАС қозғалысының 7 қазандағы шабуылынан кейін зорлық-зомбылыққа итермеледі деп айыптап отыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?